Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры Назар Тұралинов «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатын бас мейірбике Нұрсұлу Достаеваға табыстады. Бұл алғыс хат Covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күресте еңбегі сіңген әрі қалтқысыз қызмет атқарған медициналық қызметкерлерге берілді. Ақ халатты дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі пандемиямен күресте көп көмегін тигізді деуге болады. Сонымен қатар алғыс хатпен қоса «Елорда архитекторы» кітабы да берілді. Нұрсұлу Даудқызын марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу