Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Халықаралық қарттар күні

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК қарттарды мерекемен құттықтады. Бас дәрігер Назар Шамғанұлы Тұралиновтың бастамасымен медицина қызметкерлері, соның ішінде жедел медициналық жәрдем бөлімшесі емханаға тіркелген ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, қариялардың хал-жағдайын сұрап қайтты. Атаулы күні қазыналы қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін гүл шоқтары табысталды. Кездесу барысында қарттар денсаулық сақтау саласында өздерін мазалаған сұрақтарға жауап тапты. Сонымен қатар, емханада қызмет еткен зейнеткерлер де елеусіз қалмады. Медициналық ұжымның атынан әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар оларға азық-түлік пакеттерін таратты. Осылайша мереке күніне орай емхана тарапынан қарияларға құрмет көрсетіліп, ерекше көңіл бөлінді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу