Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Тәуелсіздік бізге не берді?


     Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК медициналық көмек сапасы және ішкі аудит бойынша басшысы Айдарханова Зауре Байділдәқызы барша қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мерекеге орай бірқатар сұрақтарға жауап берді. 


-    Зәуре Байділдәқызы, 16 желтоқсанның ел өміріндегі маңызы жайлы айтып өтсеңіз. 

-    Тәуелсіздік кез келген мемлекеттің ең маңызды шарты болып табылады. Дүние жүзі Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде тани бастады. Біздің мемлекеттік рәміздерімізді шет мемлекеттер таниды. Ол білім, спорт, мәдениет, медицина саласындағы жетістіктермен тығыз байланысты. 


-    Тәуелсіздік бізге не берді деп ойлайсыз?

-    Тәуелсіздік бізге бейбіт заман мен ашық аспан сыйлады. Біз ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған кезеңде өмір сүріп жүрміз. Жетістіктеріміз туралы айта кетсек, бүгінде елімізде жоғары мамандандырылған медициналық көмек  көрсетілетіндігін атап өтуіміз керек. Бүкіл облыс орталықтарында кардиохирургиялық орталықтар жұмыс істейді. Бұл кардиохирургиялық көмекті, әсіресе шұғыл жағдайларда пациенттерге дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде буындарды эндопротездеу операциялары жасалады. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүйе алмай жүрген көптеген отбасы қуанышқа кенелді. Тәуелсіздіктің арқасында мамандар шетелде оқытылып, кәсіби біліктілігін жоғарылата алады. Бұл олардың алған білімі мен тәжірибесін мемлекет игіліне жұмсай алады дегенді білдіреді. Бүгінде цифровизацияның мүмкіндіктерін медицинада қолдану тәжірибесін көріп жүрміз. Дәрігерлер онлайн режимде пациенттерге кеңес берсе, пациенттер үйде отырып, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігердің қабылдауына жазыла алады. 


-    16 желтоқсанды қалай атап өтесіз?

-    Мемлекеттік мереке болғандықтан оны жұмыс орнында да атап өтеміз. Ұжымда жыл сайын салтанатты іс-шара ұйымдастырылады. Басшылық атаулы күнге орай баяндама жасайды. Бұдан бөлек емханаға еңбегі сіңген медицина қызметкерлері марапатталады. Балалар еліміздің тарихын, егемендікке қалай қол жеткіздік дегенді біліп жүрсін деген мақсатта отбасында атаулы күн туралы айтамыз.


-    Сұхбат соңында айтулы күнге орай тілегіңіз?

-    Елін сүйетін кез келген азамат өзінің тарихын білуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздік берген мүмкіндіктерді елімізді дамытуға дұрыс пайдалануымыз керек. Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.     


#МеніңТуым

#МеніңТуымМеніңОтаным

#БіздіңОртақМереке


  



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу