Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Көктемгі күн мен түннің теңелген шағы, жыл басы - Наурыз мейрамы жақындап келеді. Ұлыстың ұлы күнінде үлкендер жастарға ақ батасын беріп, ақ жарма тілектер айтады. Наурыз - құт-береке мен ырыстың, жаңару мен жақсылықтың белгісі.

Біздің емхана Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы @103_nursultan_kz жолдаған челленджді қолдау мақсатында медицина қызметкерлерінің ұлттық киім киген суреттерін жариялап отыр. 

Әз Наурыз мерекесіне орай емхананың медицина қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, "Қара жорға" биін биледі. Ал, мейірбикелер Самал Мерекенова, Бишаш Сетерхан домбыраның сүйемелдеуімен халық әні "Сәулем-айды" шырқады.

Барлығыңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу