Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Астана, Сейфуллин к-сі, 28
+7 (7172) 39 99 78
+7 (7172) 22 68 04
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ГЛАУКОМА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?


Глаукома – тез дамитын және ауыр зардаптарға әкелетін созылмалы көз ауруы. Глаукома кезінде көз қатты ауырады, бұл басқа да офтальмологиялық ауру түрлерінде байқалады. Сол себепті де бастапқы кезеңде глаукоманы анықтау қиын. Аурудың негізгі себебіне көзішілік қысымның жоғарылауы жатады. Көздің қалыпты қысымы 18-24 мм. сын. бағ. болса, глаукома кезінде ол жоғары көрсеткішке ие. Глаукоманың пайда болуының қолайсыз факторлары: төменгі артериялық қысым, қант диабеті, егде жас (70-тен асқан), алыстан көргіштік, жақын туыстарының анамнезінде глаукома жағдайларының болуы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, көзішілік қысымды жоғарылататын гормонды дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт бойы қолдану. Глаукоманың белгілері: зақымдалған көз маңайында ауырлық сезімінің тұрақты түрде болуы, көру өрісінің азаюы, көз алдының тұмандануы, жарыққа қараған кезде түрлі-түсті дақтар мен шеңберлердің болуы, ымыртта көру қабілетінің төмендеуі, көздің ылғалдануы, көз алмасының гиперемиясы. 

Дәрігер ауруды анықтау үшін кешенді тексеру тағайындайды: рефрактометрия, автоматтандырылған периметрия, тонометрия, УДЗ, көз қарашығының қалыңдығы мен диаметрін анықтау, гониоскопия (қасаң қабық пен көздің шатырша қабығын зерттеу), қасаң қабықтың қалыңдығын анықтауы.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу